12.12.2006, 16:12 2895

Мемлекет басшысы: мемлекеттік қызмет пен бизнесті шатастыруға болмайды

АСТАНА. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызмет пен коммерциялық іс-қызметті қатар алып жүруге жол беруге болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін Қазақстанның кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық "Атамекен" одағының басқармалары мүшелерімен кездесуде сөз сөйлеген президент Нұрсұлтан Назарбаев: "мемлекеттік қызмет пен бизнесті шатастыруға болмайды. Ал біздің елімізде бәрі қоян-қолтық араласып кеткен, кейбіреулер мемлекеттік қызметте жұмыс істей жүріп бизнеспен де шала-шарпы шұғылданып үлгереді",- деп мәлімдеді.

"Осындай құбылыспен күресіп, бұл салада тәртіп орнататын боламыз",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны