30.04.2007, 16:48 6820

Мемлекет басшысы мен Жапонияның экономика, сауда және индустрия министрі атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. 30-сәуір. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Жапонияның экономика, сауда және индустрия министрі Акир Амариді қабылдады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

"Кездесу барысында Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ, өндірістік технологиялар мен атом энергетикасы саласындағы стратегиялық әріптестік мәселелері талқыланды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Акира Амари екі ел арасындағы ынтымақтастықты, инвестициялар мен әріптестікті кеңейтуге жапон компаниялары зор қызығушылық білдіріп отырғанын атап өтті, оны Қазақстанға келген ерекше құрамдағы делегация да айғақтап отыр. Делегация құрамында Жапонияның жетекші энергетикалық, отын компанияларының және қаржы институттарының бірінші басшылары мен топ-менеджерлері бар.

"Табиғи уранды тасымалдау, реактор құрылысы саласында технологиялар алмасу, кадр даярлау мәселелері, бір сөзбен айтқанда, атом индустриясы мен атом энергетикасына байланысты кең ауқымды мәселелер талқыланды. Ең басты жетістік Қазақстан отын өндірушілерінің жапон нарығына қол жеткізу мүмкіндігі болып табылады. Бұл жағдай Қазақстан атом индустриясының жоғары технологиялық деңгейде екендігін айғақтайды", - деді "Қазатомөнеркәсібі" ҰАК президенті Мұхтар Жәкішев журналистерге арналған брифингте.

Мемлекет басшысы жапондық компанияларды Қазақстандағы IT-технологиялар, машина жасау, металлургия және басқа да перспективалы салаларға қатысуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны