10.12.2013, 18:56 6840

Мемлекет басшысы "Мерейлі отбасы" Ұлттық конкурсы туралы Өкімге қол қойды

"Өнегелі құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы (бұдан әрі - конкурс) жыл сайын өткізілетін болып белгіленсін",- делінген өкімде.

Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Мерейлі отбасы" Ұлттық конкурсы туралы 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 Өкімге қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Өнегелі құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы (бұдан әрі - конкурс) жыл сайын өткізілетін болып белгіленсін",- делінген өкімде.

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатарынан және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы айқындайтын оның бес мүшесінен қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Ийелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның (бұдан әрі - Ұлттық комиссия), сондай-ақ Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің жанындағы әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссиялардың (бұдан әрі - өңірлік комиссиялар) қолдауымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.

Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны