01.09.2006, 10:44 2504

Мемлекет басшысы мүлікті заңдастыру туралы заңға түзетулер енгізуді және оны жүзеге асыру мерзімін 2007-жылдың сәуір айына дейін ұзартуды тапсырды

АСТАНА. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Мүлікті заңдастыруға байланысты рахымшылық жариялау туралы" заңға түзетулер енгізуді және жариялы болдыру мерзімін 2007-жылдың 1- сәуіріне дейін ұзартуды ұсынды, деп хабарладйы Kazakhstan Today тілшісі.

"Мен жіберілген кемшіліктерді түзету үшін бұл заңға тез арада түзетулер енгізуді тапсырамын",- деді Нұрсұлтан Назарбаев бүгін парламенттің үшінші сессиясының ашылуына арналған парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Мемлекет басшысының пайымдауынша, "Мүлікті заңдастыруға байланысты рахымшылық жариялау туралы" қолданыстағы заң кейбір кемшіліктермен қабылданған. Атап айтсақ, президенттің пікірінше, "мүлікті заңдастыру жұмыстарын жүргізуде құпиялықты сақтау шарты қамтамасыз етілмеген".

"Жариялы болдыру процессін жүзеге асыруда ауқымды айналым қаражаты жариялы айналымға түседі, оны кепілдік ретінде пайдалануға болады", деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны