22.01.2010, 17:20 3023

Мемлекет басшысы мұнай компанияларының топ-менеджерлері арасында қазақстандықтардың аздығын атап көрсетті

Мемлекет басшысы мұнай компанияларының топ-менеджерлері арасында қазақстандықтардың аздығын атап көрсетті

Астана. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мұнай компанияларының топ-менеджерлері арасында қазақстандықтардың аздығын атап көрсетті. Бұл туралы Елбасы бүгін үкіметтің есебі тыңдалған кеңесті ашқан кезде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Шетелдік ірі мұнай компанияларында жетекші топ-менеджерлер арасында бірде-бір Қазақстан азаматы жоқ. Басқа саланы қойдық дегенде де, мен ENRC мен "Қазақмысқа" да "біздің өзіміз тәрбиелеп шығарған адамдар қайда?" деп талай айттым " - деді Н. Назарбаев.

"Егерде сол компанияларда Қазақстанның топ-менеджерлері болғанда, импортты алмастыру мәселесі басқаша шешімін табар еді, ал әзірге министрліктер мен мекемелер бұған немқұрайды қарап отыр", - деді мемлекет басшысы.

Осыған байланысты ол Қазақстан жағы акционер болып табылатын кәсіпорындарда басқарушылардың құрамында неліктен қазақстандықтар жоқтығын түсінбейді. "Онда біз неге акционер болып отырмыз? Мұндай қарым-қатынасқа неге жол беріледі?" - деп сұрады президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны