09.12.2015, 17:25 4374

Мемлекет басшысы мұнай және газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеӊес өткізді

Кеӊеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Икімшілігініӊ басшысы Н.Нығматулин, салаға жетекшілік ететін ведомстволар мен ұйымдардыӊ басшылары қатысты

Астана. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Кеӊеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Икімшілігініӊ басшысы Н.Нығматулин, салаға жетекшілік ететін ведомстволар мен ұйымдардыӊ басшылары қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында көмірсутек шикізатыныӊ әлемдік бағасыныӊ тұрақсыздығы жағдайындағы мемлекеттіӊ энергетика саясатыныӊ аспектілері қаралды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Қазақстанныӊ оӊтүстік өӊірлерін қысқы маусымда газбен қамтамасыз ету, энергия көздерін тасымалдау саласындағы қызметті оӊтайландыру және инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны