25.01.2017, 20:43 5357

Мемлекет басшысы Назарбаев Университетініӊ медицина мектебінде болды

Назарбаев Университеті Медицина мектебініӊ миссиясы әлемдік стандарттарға сәйкес біліктілігі жоғары дәрігерлер дайындайтын Медицина мектебініӊ жаӊа моделін дайындау және осы модельді Қазақстанныӊ басқа да медициналық білім беру орталықтарына трансферттеу болып табылады, бұл өз кезегінде дайындалған кадрлардыӊ сапасын елеулі жақсартады, осылардыӊ нәтижесі ретінде Қазақстан халқыныӊ денсаулығы жақсара түседі.

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Назарбаев Университетініӊ медицина мектебінде болды,- деп хабарлайды Ақорда.

Іс-шара барысында Қазақстан Президенті бейінді білім берудіӊ заманауи талаптарына толықтай сай келетін медицина мектебініӊ жаӊа ғимаратын аралап көрді.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев оқушылармен және педагогтармен кездесті.

Иӊгімелесу барысында Елбасы қазіргі уақытта әлемніӊ медицина мен биология саласындағы ғылыми прогресс алдында тұрғанын атап өтті.

- Жаӊа медицина мектебініӊ жабдықталуын, оқыту деӊгейін әлемніӊ үздік университеттерімен салыстыруға болады. Сондықтан мен өздеріӊізден үлкен жаӊалықтар күтемін. Сіздердіӊ зерттеулеріӊіз, зертханалық мүмкіндіктеріӊіз, оқытушылардыӊ ғылыми әлеуеті сырқаттыӊ еӊ күрделі түрлерін емдеудіӊ, адам өмірін ұзартудыӊ жаӊа әдістерін табуға мүмкіндік береді. Бұл мектеп өзімен бірге басқа университеттерді ілгері жетелейтін негізгі базалық оқу орны ретінде құрылды, - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге, Қазақстан Президенті XXI ғасырда ақпараттық технологиялармен қатар медицина мен биологияныӊ да алдыӊғы орынға шығып отырғанын айтты.

- Барлық ғылымдар өзара байланысты, көптеген жаӊалықтар олардыӊ тоғысуынан пайда болады. Осы оқу орныныӊ қабырғасында ғылым дамуға тиіс, бізге жан-жақты ғалымдар қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соӊында Елбасы жиналғандарды оқу орныныӊ жаӊа ғимаратыныӊ ашылуымен құттықтап, алға қойған мақсаттарына жетуіне тілектестік білдірді.

Медицина мектебініӊ ғимараты 9 қабаттан тұрады, жалпы көлемі - 39 825 шаршы метр. Онда ғылыми және оқу зертханалары, симуляциялық орталық, анатомиялық зертхана, лекция залдары мен топтық сабақ алуға және кеӊсеге арналған бөлмелер, кітапхана, асхана бар.

Сондай-ақ, бүгін Назарбаев Университетініӊ Коммуникациялар және маркетинг департаменті мынадай ақпарат таратты:

"2017 жылғы 25 қаӊтарда Астана қаласында Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ қатысуымен Назарбаев Университеті Медицина мектебініӊ жаӊа ғимаратыныӊ салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Назарбаев Университеті Қамқоршылық кеӊесініӊ Мүшелері, ҚР Үкіметі кабинетініӊ өкілдері, Сенат және Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ әріптес жоғары оқу орындарыныӊ өкілдері мен басқалар қатысты.

Медицина мектебініӊ ғимараты 9 қабаттан тұрады, жалпы алаӊы 39 825 шаршы метрді құрайды, мұнда ғылыми және оқу зертханалары, симуляциялық орталық, анатомиялық зертхана, дәріс залдары мен сабақ жүргізуге арналған бөлмелер, кітапхана, асхана және офистік үй-жайлар, сондай-ақ студенттер мен оқытушыларға арналған демалу аймақтары орналасқан. Медицина мектебі ғимаратыныӊ жобасын медицина мектептерін жобалау саласында тәжірибесі бар Perkins+Will американдық сәулет компаниясы жасаған болатын.

Медицина мектебініӊ жаӊа ғимараты медицина студенттеріне білім берудіӊ заманауи талаптарына толық сай келеді. 5 қабатта студенттерді манекендер мен басқа да медициналық жаттығу құрылғылары арқылы клиникалық практикаға оқытуға арналған симуляциялық орталық орналасқан. Бұл студенттерге белгіленген дағдыларды меӊгеруге және кейіннен пациенттермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Медицина мектебі өз тәжірибесінде стандартты пациенттердіӊ (пациент ретінде арнайы жаттыққан адамдар) көмегімен студенттерді оқыту әдістерін белсенді пайдаланады.

2 және 3-қабатта орналасқан ғылыми зертханалар студенттерге ғылыми қызметпен айналысуға мүмкіндік береді. Өздеріӊізге белгілі, студенттер екінші курстан бастап оқытушылармен бірге жазғы шағын ғылыми жобаларға ерікті түрде қатыса алады.Үшінші курстан бастап студенттер оқытушы-профессорлар құрамымен бірге міндетті түрде ғылыми жобаларға қатысатын болады.

Қазіргі сәтте Медицина мектебінде 75 студент келесі мамандықтар бойынша білім алуда: Медицина докторы (MD) және Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі (MPH). Медицина мектебі сондай-ақ медбикелердіӊ біліктілігін жетілдірудіӊ 6 айлық курсы шеӊберінде жұмыс істеп жүрген 31 медбикені оқытты. 2017 жылдыӊ тамызында Мектеп молекулярлық медицина бойынша тағыда бір магистрлік курсты іске қосуды жоспарлап отыр.

Медицина мектебі туралы анықтамалық ақпарат:

Назарбаев Университетініӊ Медицина мектебі (НУММ) 2015 жылы тамызда ашылды. Осы Мектепті құрудағы негізгі мақсат ғылыми-зерттеу дағдылары бар, адам өмірініӊ сапасын жақсартуға қабілетті, медицина ғылымыныӊ іргелі ұғымдарын игерген және Қазақстан Республикасында медицинаныӊ және медицина ғылымыныӊ дамуына маӊызды үлес қосуға дайын біліктілігі жоғары дәрігерлер дайындау болып табылады.

Назарбаев Университеті Медицина мектебініӊ миссиясы әлемдік стандарттарға сәйкес біліктілігі жоғары дәрігерлер дайындайтын Медицина мектебініӊ жаӊа моделін дайындау және осы модельді Қазақстанныӊ басқа да медициналық білім беру орталықтарына трансферттеу болып табылады, бұл өз кезегінде дайындалған кадрлардыӊ сапасын елеулі жақсартады, осылардыӊ нәтижесі ретінде Қазақстан халқыныӊ денсаулығы жақсара түседі.

Мектептіӊ пайымдауы Қазақстан Республикасы, Орталық Азия және одан тыс жерлерде халықтыӊ денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту үшін медициналық білім беру, биомедициналық зерттеулер және пациенттерге күтім көрсету саласында жоғары санаттағы орталықты құру болып табылады".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны