13.01.2009, 17:25 2804

Мемлекет басшысы "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары мен Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары мен Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасын қабылдады

Астана. 13 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары мен Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасын қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаевты қабылдады.

Кездесу барысында "Нұр Отан" партиясының елдің саяси және экономикалық өміріне белсенді қатысуы мәселелері талқыланды.

"Биылғы жылы "Нұр Отан" партиясы өзінің 10 жылдығын атап өтпек. Партия төрағасы осы аталған мерейтойды өткізу және партияның алдағы XII съезіне дайындық мәселелері жөнінде нақты тапсырмалар берді", - деді Дархан Кәлетаев журналистерге арналған брифингте.

Мемлекет басшысы бүгін сондай-ақ, ҚР президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Сағынбек Тұрсыновты қабылдады.

Сағынбек Тұрсынов Елбасын Комиссияның 2008 жылғы жұмысы туралы есебімен таныстырды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Комиссия үш жылдық іс-шаралар жоспарын әзірледі. Біздің атқарған жұмысымыз БҰҰ және ЕҚЫҰ тарапынан жоғары бағаланды. Ендігі кезекте бізге адам құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру тетіктерін іздестіру қажет", - деді Сағынбек Тұрсынов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны