16.11.2015, 16:15 3823

Мемлекет басшысы "Нұр Отан" партиясы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовті қабылдады

А.Мырзахметов кездесу барысында Елбасыға Саяси кеӊестіӊ соӊғы Бюро отырысында айтылған тапсырмалардыӊ орындалу барысы, сондай-ақ партияныӊ негізгі бағдарламалары туралы баяндады

Астана. 16 қараша. Kazakhstan Today - А.Мырзахметов кездесу барысында Елбасыға Саяси кеӊестіӊ соӊғы Бюро отырысында айтылған тапсырмалардыӊ орындалу барысы, сондай-ақ партияныӊ негізгі бағдарламалары туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі мәселелердіӊ көптігіне байланысты келесі жылы "Нұр Отан" партиясыныӊ алдында ауқымды жұмыстар тұрғанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі

Мен бастамашылық еткен бес институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында сексенге жуық заӊ қабылданады. Келесі жылдыӊ басынан "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асыруға кірісеміз. Осыған байланысты партияныӊ алдында өте үлкен жұмыстар тұр, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ әлемде қалыптасқан геосаяси жағдайды ескере отырып, алдағы реформалардыӊ маӊыздылығын айтты.

Илемдегі жағдай қазір күрделі, біздіӊ төӊірегіміздегі ахуал да оӊай емес. Осыныӊ бәрі бізге ықпал етпей қоймайды. Болып жатқан оқиғаларды назарға ала отырып, осы мәселелерді халыққа түсіндіру керек. Осындай қиын кезеӊде бізге күрделі реформаларды жүзеге асыруға тура келеді. Мұныӊ бәрі халықтыӊ игілігі үшін жасалуда. Қазіргі жағдайдыӊ қиын екеніне қарамастан, реформаларды жүзеге асыру болашақтағы игіліктіӊ негізін қалау үшін қажет. Алдағы реформалар күрделілігі жағынан біздіӊ 90-жылдардыӊ басында жүргізген реформаларымыздан кем түспейді. Осыған байланысты "Нұр Отан" партиясына барша түсіндіру жұмыстарын өз мойнына алуды тапсырамын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны