02.09.2007, 12:07 1562

Мемлекет басшысы "Нұр Отан" партиясының парламенттегі басымдығын барынша пайдалану қажет деп пайымдайды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының парламенттегі басымдығын барынша пайдалану қажет деп пайымдайды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. АСТАНА. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының парламенттегі басымдығын барынша пайдалану қажет деп пайымдайды.

""Нұр Отан" партиясының парламенттегі басымдығы беріп отырған мүмкіндікті барынша пайдалану керек", - деп мәлімдеді бүгін мемлекет басшысы бүгін төртінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде.

"Басымдық біздің бар көздегеніміз емес, ол еліміздегі саяси және экономикалық модернизацияны қарқындандырға қажетті барлық заңдарды қабылдауға жол ашатын тамаша мүмкіндік. Біздің қолымызда еліміздің одан әрі серпінді дамуы үшін қажетті қадамдардың бәрін жүзеге асыруға үлкен мүмкіндігіміз бар", - деді президент. "Оның бәрінің түпкі мәні Қазақстанның басқаларды қуа дамушы елдердің санатынан халықаралық сахнадағы бәсекелестікке қатысуға дайын, толысқан мемлекеттердің санына қосылуына байланысты", -деді ол.

Президент сонымен қатар "жаңаша конституциялық алаң аясында парламент пен үкіметтің келісе жұмыс істеуі қажеттігін де атап өтті". "Конституцияға енгізілген түзетулер парламенттің үкіметке тигізетін ықпалын күшейтіп, үкіметке жалпылай және оның жекелеген мүшелеріне сенімсіздік көрсету тәртіптері жеңілдетілді", -деп еске салды президент.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны