19.02.2016, 16:34 4018

Мемлекет басшысы "Нұр Отан" партиясыныӊ республикалық сайлау алды штабында болды

Елбасы, партия төрағасы "Үгіт-насихат жұмыстары және логистика тобыныӊ", "Ұйымдастыру жұмыстары тобыныӊ" және "Ақпараттық-сараптамалық топтыӊ" қызметімен танысты

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Елбасы, партия төрағасы "Үгіт-насихат жұмыстары және логистика тобыныӊ", "Ұйымдастыру жұмыстары тобыныӊ" және "Ақпараттық-сараптамалық топтыӊ" қызметімен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті өӊірлік штабтар басшыларымен және мүшелерімен бейнеконференция режімінде кеӊес өткізіп, барлық облыстық штабтардыӊ үгіт-насихат науқанына дайындығы туралы есептерін тыӊдады, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолғы электоралдық кезеӊ Парламент Мәжілісімен қатар барлық деӊгейдегі мәслихаттар сайлауыныӊ өткізілетіндігімен ерекшеленетінін айтты.

- Ертеӊгі күннен сайлау алдындағы үгіт-насихат басталады. "Нұр Отан" партиясыныӊ XVII съезінен кейін бүкіл елде елеулі жұмыстар атқарылды. Қажетті үгіт-насихаттық өнімдер даярланды, Республикалық және өӊірлік штабтар құрылды, партияныӊ кандидаттары сайлау алдындағы науқанға дайын. Партиялық тізімге экономика салаларында, мәдениет пен қоғамныӊ әлеуметтік өмірінде жұмыс тәжірибесі бар, алуан түрлі кәсіптіӊ мамандары кірді. Бұл халық мұқтаждықтарын шешетін кандидаттардыӊ құрамы сапалы екенін көрсетеді. Біздіӊ партия сайлаушылардыӊ дауысын иелену үшін сайлау алдында ашық әрі әділ күрес жүргізуге ниетті екеніне сенімдімін. Тұрақты диалог жүргізіп, азаматтарымыздыӊ сауалдарына дереу үн қату керек. Біздіӊ жұмысымыздағы негізгісі осы, - деді Қазақстан. Президенті.

Мемлекет басшысы кез келген саяси партия үшін сайлау шешуші сәт екенін атап өтті.

- Сайлау қорытындысы бойынша партияны ғана емес, оныӊ мақсаттары мен бағдарламаларын қолдау деӊгейі де анықталады. Электоралдық науқан ұйымдастырушылық және кадрлық әлеуетті, саяси және практикалық мүмкіндіктерді жаӊа қырынан ашуға мүмкіндік береді. Сайлау науқандары партия кадрларын нығайтады және жаӊартады, оны жаӊа белсенділермен, жақтастармен толықтырады, болашақта ел басшылығына араласатын талантты саясаткерлерді танытады. Ирбір сайлау - партия құрылысындағы жаӊа баспалдақ, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті алдағы үгіт-насихат науқаныныӊ негізгі аспектілеріне тоқталды.

Атап айтқанда, Елбасы "Нұр Отан" бүгінде дағдарысқа қарсы тұрақтандырушы партия болып саналатынына назар аударды.

- Өзіміздіӊ саяси, заӊ шығарушылық бай тәжірибемізді, кадрлық әлеуетімізді біз жаһандық дағдарыстыӊ ықпалына қарсы тиімді іс-қимыл жасауға бағыттаймыз. Меніӊ таяуда өткен Үкімет отырысында дағдарысқа қарсы күрес жөнінде берген тапсырмаларымныӊ маӊыздылығын барлық қазақстандықтарға түсіндіруге айрықша ден қою қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті партияныӊ негізгі міндеті Ұлт жоспарын тиімді орындау, "Қазақстан-2050" стратегиясыныӊ басты мақсатына қол жеткізу, сондай-ақ "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру болып табылатынын айтты.

- Түптеп келгенде, осыныӊ бәрі әрбір азаматымыз үшін жағдай жасайды. Осыныӊ бәрі әрбір қазақстандық лайықты жұмыспен қамтылып, жоғары кәсіби біліктілікке ие болуы үшін жасалуда, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы сайлау штабтары қарапайым азаматтардыӊ мұӊ-мұқтажына айрықша көӊіл бөлгені жөн екенін айтты.

- Электоралдық кезеӊде қоғамдық қабылдаулардыӊ жұмыстарын жандандыру маӊызды. Депутаттыққа кандидаттар күнделікті тәртіп бойынша азаматтарды қабылдауы тиіс. Сенімді тұлғалар белсенді жұмыс істеуі керек. Жұрттардыӊ барлық сауалдарына жедел әрі нақтылы үн қатып, мәселелерін шешуге көмектесу қажет, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев азаматтық татулық, құқық тәртібі, заӊға бағынушылық "Нұр Отан" партиясы қоғамда орнықтыруға ұмтылып отырған басты негіздер екеніне назар аударды.

- Бірлік, тұрақтылық, жасампаздық - біздіӊ барша қазақстандықтарға тастайтын басты партиялық ұранымыз, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті әлемдік ахуалдыӊ ширығуы жағдайында біздіӊ ел теӊгерімді сыртық саясат жүргізіп, жаһандық диалогты ілгерілетіп, сенімді қалпына келтіруге шақыратынын айтты.

- Біздіӊ сыртқы саяси бағдарымыз - Қазақстанмен өзара іс-қимылға мүдделі барлық мемлекеттермен тиімді ынтымақтастық орнату. Біздіӊ шекарамыз әрқашан достық пен тату көршіліктіӊ шекарасы, ал бүкіл Орталық Азия өӊірі тұрақты әрі қауіпсіз болып қалуы тиіс. Біз үлкен Еуразияны сенімніӊ, ынтымақтастықтыӊ, тығыз экономикалық байланыстардыӊ, ортақ қауіпсіз кеӊістіктіӊ құрлығы ретінде қалыптастыру жағындамыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы жаӊа сайлауалды бағдарламаныӊ ережелері Қазақстанды жаӊа жаһандық нақты ахуал жағдайында табысты дамыту жөніндегі прагматикалық міндеттерді қамтитынын айтты.

- Жаӊа жағдайларға бейімделу қажет. Шикізат бағасыныӊ көтерілуін күтпей, күн сайын қажырлы еӊбектену керек. Илемде пайдалы қазбаларсыз да өмір сүріп жатқан дамыған елдердіӊ мысалы көп, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отанныӊ" барлық азаматтарға түсінікті сайлауалды науқанын жүргізуі керектігін айтты.

- Шерулету пен жасандылықтыӊ қажеті жоқ. Ирине, бұқаралық үгіт шаралары маӊызды, бірақ бастысы бұл емес. Ирбір адамға сөзіміз жету, жұмысымыздыӊ мәнін БАҚ пен белсенділер арқылы түсіндіру маӊыздырақ. Дабыра ұрандатулар аз, нақты істер көп болуға тиіс. Бұл үшін партиялықтар қоғамныӊ барлық топтарыныӊ - ауыл мен қала тұрғындарыныӊ, кәсіпкерлер мен зиялы қауымныӊ мұӊ-мұқтажын білуі және ескеруі керек. Электоралдық кезеӊді азаматтарымызды топтастыруға, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті одан әрі нығайтуға қолдану қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті барлық партия ұйымдары мен сайлау штабтары қолданыстағы сайлау заӊнамасын және еліміздіӊ Конституциясын қатаӊ сақтаудыӊ үлгісі бола білуге тиіс екеніне назар аударды.

- Бүгінде сайлауға қатысатын барлық саяси партиялар үшін абсолюттік теӊ құқық қамтамасыз етілген. Инвестиция және даму жөніндегі министрлік Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, барлық саяси партиялар үшін бұқаралық ақпарат құралдарына теӊдей қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек. Алдағы сайлау халықаралық қоғамдастықтыӊ зор қызығушылығын тудырып отыр. Біз барлық шетелдік байқаушылар, халықаралық қоғамдық бірлестіктер үшін ашықпыз және оларға қажетті барлық жағдайды жасаймыз, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Бас прокуратураға қазіргі электоральдық цикл барысында заӊдылықтыӊ қатаӊ сақталуын қадағалау, ондай жайттар байқалған жағдайда жедел шаралар қабылдау тапсырылғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев алдағы Мәжіліс және мәслихаттар сайлауыныӊ елеулі тарихи оқиға жылында - Қазақстан тәуелсіздігініӊ 25 жылдығында өткелі отырғанына тоқталды.

- Осы уақыт ішінде біз бүкіл әлемге танымал табысты мемлекет құрып үлгердік. Меніӊ есіме БҰҰ-ныӊ бұрынғы Бас хатшысы К.Аннанныӊ сөзі түсіп отыр, ол елімізде болғанда Қазақстанды біз әлем картасына орналастырғанымызды айтып еді. Шыныда да солай. Тәуелсіздіктіӊ бастапқы ширек ғасыры халқымыз үшін қиын шешімдер мен сынақтар жылдары болды. Біз бірнеше дағдарысты табысты еӊсердік, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы "Нұр Отанныӊ" 17 жылдан бері үкіметті құрап, халықты соӊынан ертіп келе жатқан және парламентте көпшілік орынға ие партия екенін еске салды.

- "Нұр Отанмен" бірге Қазақстан көп нәрсеге қол жеткізді. Біздіӊ партия - бүгін не істеу керек екендігін білетін саяси күш. Бір кезде Конфуций: "Халықты басқарғыӊ келсе - оныӊ соӊына ер" деген. Біз осы жылдардыӊ бәрінде нақ солай істедік. Біздіӊ тереӊ ойластырылған стратегия және жоспарларымыз бар, біз еліміз тек алға басу үшін қоғамды ұйыстырып, Қазақстанды дамыту мақсатын көздеп отырмыз. Біздіӊ барлық партиялық штабтарымыз орталықта да, жергілікті өӊірлерде де қарқынды сайлауалды жұмысын жүргізеді деп сенемін. Бұл үшін ресурстар, кадрлар, миллиондаған жақтаушыларымыздыӊ қолдауы - қажеттініӊ бәрі бар, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті біздіӊ ел астында Қазақстанныӊ көпұлтты халқы тұратын және баршаныӊ теӊ құқығы қамтамасыз етілген алып шаӊыраққа айналғанын айтты.

- Бұл қағидаттар біздіӊ Конституциямызда және заӊдарда көрініс тапқан, "Нұр Отан" партиясы олардыӊ қатаӊ сақталуына қол жеткізуі тиіс. Қандайда бір этностыӊ құқығы бұзылуына жол беруге болмайды. Адамзаттыӊ бүкіл тарихында өзініӊ өзгелерден артықшылығын айтқан бірде-бір ұлт табысқа жеткен емес. Тәуелсіздік тарихы бізді бірлікке, еӊбексүйгіштікке, тұтастыққа үйретті, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардыӊ қазіргі жас буыныныӊ үлесіне тәуелсіз жаӊа мемлекетті құру миссиясы тигенін атап өтті.

- Біз керемет елде және керемет кезеӊде өмір сүріп отырмыз. Дәл осы жылдар тарихқа кіреді және бұл кезеӊ туралы кітаптар жазылатын болады, біздіӊ міндетіміз - Қазақстанды өзімі және ұрпақтарымыз үшін шаттыққа толы шаӊыраққа айналдыру, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сөз арнап, олар барлық кем-кетікті жариялап-көрсету арқылы мемлекетті нығайту ісіне өз үлесін қосуы тиістігін айтты.

- Нағыз патриот - өз елін мақтайтын адам емес, қайта кемшіліктерді көріп, ұнамсыз тұстарды жөндеуге ықпал ететін адам. Сайлау жалпыхалықтық іс болып саналады. Біз дағдарыстан мемлекетіміздегі бірлік пен тұрақтылық арқасында өтіп шыға аламыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соӊында Мемлекет басшысы қазақстандықтарды жұмылып, алдағы сайлауда дауыс беру арқылы азаматтық борыштарын атқаруға шақырды.

Сайлауалды штаб жетекшісі А.Мырзахметов Қазақстан Президентіне электоральдық науқан міндеттерін жүзеге асыру үшін сайлауалды штабтар жүйесі құрылғанын баяндады, оған Республикалық сайлауалды штабы, сондай-ақ 16 өӊірлік және облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы 208 аумақтық штабтар кіреді.

Кеӊес барысында сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университетініӊ ректоры А.Мұсақожаева, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасыныӊ орынбасары Н.Илтаев, "Коммерциялық телевизиялық канал" АҚ-ныӊ төл хабарларын тарату жөніндегі директоры А.Платонов сөз сөйледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны