14.09.2016, 14:13 4265

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды

Нұрсұлтан Назарбаев өӊірде өсетін ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралады, онда жергілікті жағдайға бейімделген бидайдыӊ жаӊа түрі таныстырылды.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Сапар аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шортанды ауданыныӊ ауыл шаруашылығы алқабында болып, онда "Жәкен-1" ЖШС механизаторларымен кездесті және жиын-терін науқаныныӊ барысымен танысты. Қазақстан Президентіне кәсіпорынныӊ негізгі жұмыс бағыттары мен өӊірдегі аграрлық секторды қолдау шаралары туралы баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев өӊірде өсетін ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралады, онда жергілікті жағдайға бейімделген бидайдыӊ жаӊа түрі таныстырылды.

Мемлекет басшысы жиналғандарға арнаған сөзінде республиканыӊ агроөнеркәсіп кешенініӊ өнімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы университеттері базасында ғылыми-зерттеу институттарын құру қажеттігін атап өтті.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті облыстыӊ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті, олар астық жинау барысы, мал шаруашылығы саласыныӊ даму қарқыны туралы айтып берді.

Иӊгімелесу кезінде астық жинау науқанын табысты өткізу облыс шаруаларыныӊ алдында тұрған еӊ алдыӊғы кезектегі міндеттіӊ бірі болып саналатыны атап өтілді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға және Өзбекстанға таяудағы сапарлары аясында Қазақстан астығын, майлы дақылдар мен ет өнімін экспорттауға қатысты бірқатар маӊызды келісімдерге қол жеткізілгеніне айрықша назар аударды.

Мемлекет басшысына шаруалар елдіӊ ауыл шаруашылығы саласына ұдайы көӊіл бөліп, қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғыс айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны