14.10.2009, 18:36 3911

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы жаңа Республикалық мектеп-интернатта болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы жаңа Республикалық мектеп-интернатта болды

Астана. 14 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы жаңа Республикалық мектеп-интернатта болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спортта дарынды балаларға арналған аталмыш Республикалық мектеп-интернаттың оқу бағдарламасында грек-рим күресі, еркін күрес, суда жүзу, үстел теннисі, таэквандо, баскетбол және әйелдер футболы тәрізді спорт түрлері бойынша жаттығулар қарастырылған. Бүгінгі таңда мұнда 353 оқушы тәрбиеленуде. Мектептің жанында оқу және тұрғын корпусы, жүзу бассейні, медициналық орталық бар.

Спорт мектебі оқушыларының оқу-жаттығу үдерісімен денешынықтыру саласында жоғары білімі бар 28 жаттықтырушы-оқытушы айналысады.

Нұрсұлтан Назарбаев мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері және оқытушыларымен кездесіп, көрсетілімдік жаттығулар үстінде жасөспірім спортшылардың машықтары мен шеберліктерін тамашалады.

Сонымен қатар, Елбасы Алматы қаласы Алатау ауданының әкімшілік ғимараттары кешенін аралап көрді. Ауданның дамуының бас жоспарымен танысты.

Одан соң президент "Астана" орталық алаңына ат басын бұрды. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Мемлекет басшысын "Жол картасы" бағдарламасының, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен таныстырып, сондай-ақ қаланың стратегиялық дамуының негізгі бағыттары туралы ақпар берді.

Сол жерде Нұрсұлтан Назарбаевқа полиция қызметінің техника және арнаулы құрал-жабдықтары көрсетілді.

"Алматы - Қазақстандағы ең үлкен қала. Бұл жерде тәртіп болуы тиіс. Сондықтан сіздерге үлкен жауапкершілік артылып отыр, жақсылап жұмыс істеңіздер", - деді Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерімен кездесу барысындағы сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны