25.04.2007, 11:30 3141

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Борис Ельцинмен қоштасу рәсіміне қатысады

АСТАНА. 25 - сәуір. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының бірінші президенті Борис Николаевич Ельцинмен қоштасу рәсіміне қатысады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметінен.

Кеше Нұрсұлтан Назарбаев Москваға барып, Б. Ельциннің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Борис Николаевичті мен ұзақ жылдардан бері, өмірдің сан түрлі сәттерінде, бірақ негізінен алғанда, әлбетте бірлескен жұмысымыз арқылы білемін",- деді Н. Назарбаев.

"Ельцин кезеңі бүкіл әлемнің саяси бет-бейнесін өзгерткен дәуірлік кезеңге айналды. Борис Николаевич Ресейді мүлдем жаңа рельске, еркіндік пен жаңғыру және нарық экономикасы бар дамыған елдердің қатарына көшіру рельсіне отырғызды",- деп атап өтті президент.

"Мұның барлығы күрес арқылы өрбіп жатты. Бұл күресте жеңіске жетіп, Ресейді мүлдем басқа, яғни жаңа Ресейге айналдыру үшін Ельцин сияқты темірдей ерік-жігерді, қайсарлылық пен қасиетті иеленуі керек еді",- деді елбасы.

"Кеңестер Одағы тараған кезде нақ Ресейдің және оның Тұңғыш Президенті Борис Ельциннің арқасында қақтығыстар мен қантөгістерге жол берілмеді, бұрынғы кеңестік республикалар өзара тату қарым-қатынасты сақтап қалды, олар тыныштықта өркендеп, өз тәуелсіздіктерін нығайтты", - деп атап өтті Қазақстан президенті.

Ресейдің бірінші президенті Борис Ельцин 2007 жылдың 23-сәуірінде жүрегі тоқтап қайтыс болды. Б. Ельцин Москвада Новодевичье зиратында жерленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны