25.06.2013, 13:55 10424

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Өскемен қаласындағы Оқушылардың шығармашылық сарайында болды

Қазақстан Президенті балалардың функционалды сауаттылығы мен шығармашылық қабілетін дамытумен қатар, қосымша білім беруге бағытталған Шығармашылық сарайдың жұмысымен танысты.

Астана. 25-маусым. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Өскемен қаласындағы Оқушылардың шығармашылық сарайында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Президенті балалардың функционалды сауаттылығы мен шығармашылық қабілетін дамытумен қатар, қосымша білім беруге бағытталған Шығармашылық сарайдың жұмысымен танысты.

Оқушылардың шығармашылық сарайын аралау кезінде Мемлекет басшысына балалардың математикалық модельдеу, экономика, экология, физика және өзге де саладағы ғылыми жобалары да таныстырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев оқушыларға зор денсаулық және оқуда толағай табыс тіледі, сондай-ақ Шығармашылық сарайға жайлы жабдықталған автобус сыйлады.

Жалпы, Шығармашылық сарайда көркем-эстетика, сәндік-қолданбалы, техникалық және экологиялық-биологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, дене шынықтыру-спорттық салалармен қатар, бірнеше бағыт бойынша 2500-ден астам бала білім алады, сондай-ақ олар қазақстандық патриотизм рухында тәрбиеленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны