12.07.2011, 18:33 3461

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Булгария" теплоходының апатқа ұшырауына байланысты Ресей Федерациясының президенті Д.Медведевке көңіл айту жеделхатын жолдады

Татарстан ТЖМ соңғы мәліметтеріне сәйкес, бүгін сағат 12.00-ге дейін "Булгария" теплоходы апатқа ұшырағанда қаза тапқан 71 адамның мүрдесі (47 әйел, 8 бала, 16 ер адам) судан шығарылған. Кім екенін тануға жеткізілген 55 дененің 46-сы анықталды.

Астана. 12 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Д.Медведевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Көптеген адамдар құрбан болған Волгадағы "Булгария" жолаушылар теплоходының апатқа ұшырауы туралы қатты қайғыра отырып естідім. Осы қаралы күні Қазақстан халқының атынан және жеке өзімнің атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарына шынайы көңіл айтуымды және зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілеулестігімді жеткізуіңізді сұраймын", - делінген жеделхатта.

Татарстан ТЖМ соңғы мәліметтеріне сәйкес, бүгін сағат 12.00-ге дейін "Булгария" теплоходы апатқа ұшырағанда қаза тапқан 71 адамның мүрдесі (47 әйел, 8 бала, 16 ер адам) судан шығарылған. Кім екенін тануға жеткізілген 55 дененің 46-сы анықталды.

ИТАР-ТАСС агенттігінің ақпаратына сүйенсек, "Булгария" Куйбышев су қоймасында 10 шілде күні күндіз дауыл кезінде суға кеткен. Теплоход оң бүйіріне жантайғаннан кейін бірнеше минутта батып кеткен. Бортында 208 адам болған. Жолаушыларының бір бөлігі тіркелмеген. 79 адам құтқарылды. 71 адам қаза тапты деп танылды. 58 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны