25.07.2013, 12:39 2934

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады

Р.Түсіпбеков бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша қаржы полициясы органдарының жедел-қызмет жұмысының нәтижесі және ел назарындағы бірқатар істердің тергелу барысы туралы баяндады.

Астана. 25-шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Р.Түсіпбеков бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша қаржы полициясы органдарының жедел-қызмет жұмысының нәтижесі және ел назарындағы бірқатар істердің тергелу барысы туралы баяндады.

Агенттік төрағасы сыбайлас құқық бұзушылықты ашу 8 пайызға артқаны туралы да хабардар етті. 2013 жылдың алты айында мұндай қылмыстың 1192 фактісі анықталды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы Агенттік алдына бірқатар міндеттер қойып, қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны