26.02.2015, 00:02 3753

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Франция Президенті Франсуа Олландпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Франция басшылары Украинаныӊ оӊтүстік-шығысындағы ахуалға қатысты 12 ақпандағы Минск келісімін жүзеге асыру жөніндегі кешенді шараларды атқару аясында пікір алмасты

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Франция басшылары Украинаныӊ оӊтүстік-шығысындағы ахуалға қатысты 12 ақпандағы Минск келісімін жүзеге асыру жөніндегі кешенді шараларды атқару аясында пікір алмасты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Екі ел Президенттері Минск келісімі қазірдіӊ өзінде қантөгісті тоқтатуға ықпал еткеніне тоқталды. Қақтығыс аумағынан ауыр техниканы әкетудіӊ маӊыздылығы атап өтілді. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Еуропалық Одақ арасындағы санкцияларды біртіндеп алу үшін қажетті шарттарға көӊіл аударды. Ф.Олланд оқ ату толық тоқтатылып, ауыр техника әкетіліп, Мариуполь төӊірегіндегі қақтығыс басылған жағдайда санкцияларды азайту мәселесі талқылануы мүмкіндігін айтты.

Екі ел көшбасшылары Украинадағы дағдарысты реттеу мәселесі бойынша халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ әӊгіме барысында Қазақстан-Франция стратегиялық серіктестігініӊ келешегі талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Францияға биыл сапармен келуге шақырғаны үшін Ф.Олландқа алғыс айтты.

Телефон арқылы сөйлесуге француз жағы бастамашылық етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны