20.10.2015, 10:02 3302

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге оныӊ бокстан WBA, IBO, IBF және WBC interim тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектегі жеӊісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Елбасы жеделхатта Г.Головкинніӊ өзіне сенім артқан қазақстандықтардыӊ үмітін ақтағанын атап өткен

Астана. 20 Қазан. Kazakhstan Today - Елбасы жеделхатта Г.Головкинніӊ өзіне сенім артқан қазақстандықтардыӊ үмітін ақтағанын атап өткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Атақты қарсыласпен өткен әділ әрі ымырасыз жекпе-жекте жоғары спорттық шеберлігіӊ мен жігерлі мінезіӊді көрсету арқылы сен өз Отаныӊ - Қазақстан Республикасын лайықты таныта білдіӊ. Сеніӊ жарқын жетістіктеріӊ біздіӊ спортшыларымыз үшін жақсы үлгі болатынына және еліміздегі бокстыӊ одан әрі дамуын ынталандыратынына сенімдімін", - делінген құттықтауда. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Президенті сондай-ақ Г.Головкинге мықты денсаулық және жаӊа спорт биіктерін бағындыру жолында табыс тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны