25.06.2009, 10:18 1224

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Гленкор Интернэшнл АГ" компаниясының басшылығын қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Гленкор Интернэшнл АГ" компаниясының басшылығын қабылдады

Астана. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Гленкор Интернэшнл АГ" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вилли Р.Штротхотте мен компания президенті Айван Глазенбергті қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вилли Р.Штротхотте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты аталған компания мен "Қазмырыш" ЖШС бірлескен инвестициялық жобаларын жүзеге асыру барысы туралы хабардар етті.

"Қазақстан қорғасын, мыс және мырыш сияқты минералдық ресурстарға бай ел, мұнда тартымды инвестициялық ахуал қалыптасқан. Илемде металлургия өнімдеріне сұраныс жоғары. Біз Қазақстандағы металлургиялық жобаларды әрі қарай да дамытуға ниеттіміз", - деді компанияның директорлар кеңесінің төрағасы.

Кездесуде сондай-ақ әлеуметтік саладағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

"Гленкор Интернэшнл АГ" әлемдегі ірі жеке компаниялардың бірі болып табылады, оның жылдық айналымы 48 миллиардтан астам АҚШ долларын құрайды.

"Гленкор Интернэшнл АГ" компаниясы Қазақстанда 1991 жылдан бері жұмыс істейді. 1997 жылдан бастап "Қазмырыш" ЖШС-інің негізгі стратегиялық инвесторы және серіктесі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны