31.03.2015, 07:47 6760

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Кәрімовке Өзбекстан Республикасыныӊ Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Жеделхатта сайлау нәтижелері И.Кәрімовтіӊ халық алдындағы беделініӊ, елдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына және Өзбекстанныӊ халықаралық қауымдастықтағы абыройын нығайтуға бағытталған парасатты саясатына көрсетілген кеӊ қолдаудыӊ айқын дәлелі екені атап өтілген

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Жеделхатта сайлау нәтижелері И.Кәрімовтіӊ халық алдындағы беделініӊ, елдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына және Өзбекстанныӊ халықаралық қауымдастықтағы абыройын нығайтуға бағытталған парасатты саясатына көрсетілген кеӊ қолдаудыӊ айқын дәлелі екені атап өтілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы сондай-ақ И.Кәрімовтіӊ басшылығымен Өзбекстанныӊ одан әрі гүлдене беретініне сенім білдірген. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырлас қарым-қатынастар стратегиялық ынтымақтастық деӊгейінде нығая түсетініне кәміл сенемін", - делінген жеделхатта.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президентіне зор денсаулық және жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас өзбек халқына татулық пен бақ-береке тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны