26.07.2013, 10:08 5570

Мемлекет басшысы Испаниядағы Галисия провинциясында болған теміржол апатына байланысты көңіл айтты

Қазақстан Президенті көп адамның қазасына әкеп соқтырған Сантьяго-де-Компостела қаласы маңында болған теміржол апаты туралы жайсыз хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын, сондай-ақ жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан қайғырып көңіл айтатынын жеткізген.

Астана. 26-шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Испания Королі Хуан Карлос I-ге Галисия провинциясында болған теміржол апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Президенті көп адамның қазасына әкеп соқтырған Сантьяго-де-Компостела қаласы маңында болған теміржол апаты туралы жайсыз хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын, сондай-ақ жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан қайғырып көңіл айтатынын жеткізген.

"Осы қиын сәтте, қымбатты досым, қаза тапқан және зардап шеккен жандардың туған-туыстары мен жақындарына менің көңіл айтуымды және қолдауымды жеткізуді сұраймын", - делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны