05.11.2009, 17:24 2953

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасына ресми сапармен келді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасына ресми сапармен келді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасына ресми сапармен келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Римге келген Қазақстан президенті "Финмекканика" итальяндық компанияның басқарма төрағасы П.Гуаргуалинимен кездесті.

Бұдан брын да хабарлағанымыздай, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев 4-6 қарашада Италия Республикасына және Ватикан Мемлекетіне ресми сапармен барады.

ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың хабарлағанындай, "Сапар барысында Елбасының Италия президенті Джорджио Наполитаномен және Италия министрлер кеңесі төрағасы Сильвио Берлусконимен келіссөздері өтіп, олардың нәтижесінде түрлі салалардағы екі жақты үкіметаралық және коммерциялық келісімдерге қол қойылады деп күтілуде".

Е.Ашықбаевтың айтуынша, Елбасының сапары қарсаңында екі елдің ірі компаниялары және іскер топтарының қатысуымен қазақ-итальян бизнес форумы өтеді.

Ал Ватиканға сапары барысында Елбасы Рим Папасы Бенедикт XVI және қасиетті тақ мемлекеттік хатшысы Тарчизио Бертонемен кездесулер өткізбек, деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны