25.06.2013, 15:04 2578

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "KazakhstanSolarSilicon" ЖШС-нің фотоэлектрлі пластина шығаратын зауытында болды

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үшін жаңа өнім - Франциядан алынған тікелей трансфертті технология негізіндегі фотоэлектрлі пластина шығаратын кәсіпорын жұмысымен танысты.

Астана. 25-маусым. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "KazakhstanSolarSilicon" ЖШС-нің фотоэлектрлі пластина шығаратын зауытында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үшін жаңа өнім - Франциядан алынған тікелей трансфертті технология негізіндегі фотоэлектрлі пластина шығаратын кәсіпорын жұмысымен танысты.

Қазақстан Президенті кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесіп, олар еңбек ететін зауыттың бірегей өндіріс орны екенін атап өтті. Аталған жоғары технологиялы өндіріс елімізде энергетиканың баламалы түрлерін дамытуға, сондай-ақ технологияның бәсекеге қабілетті жаңа түрлерін алуға мүмкіндік береді.

"KazakhstanSolarSilicon" ЖШС-нің өндірістік көлемі жылына фотоэлектрлі пластиналарда белгіленген 65МВт қуаттылықты құрайды. Негізгі шикізат ретінде металлургиялық жағынан таза Қазақстан кремнийі пайдаланылады.

Соңынан, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингте Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына сапары барысында аса маңызды мемлекеттік бағдарламалар, атап айтқанда, индустриялық-инновациялық, сондай-ақ денсаулық сақтау және халықты жұмыспен қамту салаларындағы бағдарламалардың жүзеге асуы қарастырылғанын атап өтті.

"Жалпы алғанда, өңірлер тұрақты дамуда деп айтуға болады, орташа алғанда, өнеркәсіптің 6,8 пайызға өскені байқалады. Бұл орайда негізгі үлес ауыр өнеркәсіп және машина жасау саласына тиесілі. Илеуметтік сала жақсы дамуда, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму салаларындағы көрсеткіштер де жақсы. Осының бәрі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы оң қорытындысына елеулі үлес қосады", - деді Мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны