26.07.2013, 13:21 3206

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Григорий Марченконы қабылдады

Г.Марченко негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен валюта нарығындағы ахуал туралы мәлімдеді.

Астана. 26-шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Григорий Марченконы қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Г.Марченко негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен валюта нарығындағы ахуал туралы мәлімдеді.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта алтын-валюта резервтері көлемін, сондай-ақ отандық экономиканың даму қарқынын ескергенде ұлттық валютаның девальвацияға ұшырауына ешқандай негіз жоқтығын атап өтіп, бұл ретте Ұлттық Банк жұмысын бастапқы режімде жалғастыру қажеттігіне тоқталды.

Ұлттық Банк төрағасы қаржы нарығының барлық сегменті бойынша орнықты өсім байқалғанын, ал инфляция деңгейі 2012 жылғы шілде мен биылғы шілде аралығында 5,9 пайызды құрағанын және жоспарланғаннан 6-8 пайыз төмен тұрғаны жөнінен хабардар етті.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен экономиканың даму қарқынын сақтауды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны