07.09.2011, 11:45 3245

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевты қабылдады

Сондай-ақ елімізде кең жолақты Интернетке қол жетімділікті дамыту жөніндегі тапсырманың орындалуы, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жаңғырту және мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру туралы баяндады.

Астана. 7-қыркүйек. Kazakhstan Today - Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, А. Жұмағалиев Мемлекет басшысына ақпараттық-коммуникациялық технология саласының негізгі мақсатты индикаторларының жетістіктері бойынша Министрліктің жұмыс нәтижелері, сандық телевидениеге көшу жөніндегі іс-шараларды іске асыру және "Телерадио хабарларын тарату туралы" заң жобасын алға жылжыту барысы туралы хабардар етті.

Сондай-ақ елімізде кең жолақты Интернетке қол жетімділікті дамыту жөніндегі тапсырманың орындалуы, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жаңғырту және мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру туралы баяндады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны