21.04.2010, 18:41 3228

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен келді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен келді

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сеулге келген бетінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Хоам арт-центрге" бет алды.Мұнда Мемлекет басшысы мен Корея президенті Ли Мен Бактың қатысуымен Қазақстанның Кореядағы Жылының ашылуының салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараларға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқиға халқын тамыры тереңге жайылған тарихы байланыстыратын, екі елдің ынтымақтастығы мен әріптестігінің жаңа кезеңінің бастауы болып табылатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға Қазақстандағы бірнеше мың корей қоғамдастығының сүбелі үлес қосып отырғанына тоқталды.

"Бүгінде тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлты корей азаматтары 140-тан астам этноспен бір шаңырақтың астында өмір сүріп келеді. Олар қазақстандық бизнес, білім беру, медицина және мәдениет салаларында салмақты ұстанымға ие. Олардың өкілдері біздің қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты - Қазақстан халқы Ассамблясы құрамында белсенді жұмыс істеуде. Корей диаспорасының өкілі Қазақстан парламентіне депутат болып сайланды", - деді Н.Назарбаев.

Қазақстан диаспора өкілдеріне корей тілін үйренуде, өз тілінде газет шығаруға, ТМД кеңістігіндегі бірден-бір республикалық мемлекеттік корей сазды комедиялық театрының жұмыс істеуіне барынша көмек көрсетіп келеді.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы белсенді айналымға түскенін атап өтті. Қазіргі кезде Қазақстанда оңтүстіккореялық капиталдың қатысуымен 300-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Байланыстарды нығайту үшін сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмыс жүргізіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны