29.01.2008, 19:33 2988

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс депутаты Владимир Нехорошевті қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс депутаты Владимир Нехорошевті қабылдады

Астана. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Владимир Нехорошевті қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутат президентті "ArcelorMittal Temirtau" компаниясы басшылығы мен "Қорғау" көмір өндірушілері кәсіподақтары арасындағы келіссөздер жөнінде хабардар етті. Аталған келіссөздердің нәтижесінде қарағандылық шахтерлер мен кеншілердің еңбекақыларын едәуір көтеру және оларға арналған әлеуметтік жеңілдіктердің көлемін арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесу барысында В.Нехорошев шахтерлердің әлеуметтік мәселелерінің шешілуі Теміртау және Шахтинск қалалары тұрғындарының оң бағасына ие болғанын жеткізді.

"Мен президентке өзінің Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған тапсырмалардың және "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының сайлауалды тұғырнамасының Қарағанды облысында қалай жүзеге асып жатқандығы жөнінде әңгімеледім. Сондай-ақ мен Мәжілістегі "Нұр Отан" партиясының фракциясы партия басшысы Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында жария еткен басымдықтарға сәйкес өз жұмысын қалай құрып отырғандығы жөнінде мәлімдедім", - деді В.Нехорошев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны