15.07.2013, 10:07 4169

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Подольск маңында болған автокөлік апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Жеделхатта автокөлік апаты салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды Қазақстан Президентінің терең күйзеліспен қабылдағаны атап көрсетілген.

Астана. 15-шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Подольск маңында болған автокөлік апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жеделхатта автокөлік апаты салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды Қазақстан Президентінің терең күйзеліспен қабылдағаны атап көрсетілген.

"Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза болғандардың туған-туыстары пен жақындарына көңіл айтуымды және қолдауымды жеткізуді сұраймын", - делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны