19.06.2009, 16:29 2842

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының жетекші өнеркәсіп орындарында болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының жетекші өнеркәсіп орындарында болды

Өскемен. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының жетекші өнеркәсіп орындарында болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент мыс концентратын, мырыш, қорғасын, тазартылған алтын мен күміс, мырыш концентратын, мырыш-алюминий қорытпасын шығаратын "Қазмырыш" акционерлік қоғамына барды. Кәсіпорын өнімдері ҚХР, Ресей, Швейцария және басқа да елдердің тұрақты сұранысына ие.

Нұрсұлтан Назарбаев құрамына элоктролиз цехы кіретін мыс зауытының құрылысымен, қорғасын және қосалқы өндірісті қайта жаңғырту барысымен танысты. "Қазмырыш" АҚ-ында өндірісті жаңарту "Жаңа металлургия" жобасы бойынша жүргізіліп отыр. Жалпы инвестиция көлемі 83 миллиардтан астам теңгені құрайды.

Қазақстанның жетекші түсті металлургия кәсіпорнының ұжымымен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев өндірістегі ахуалға қанағаттанғандық сезім білдірді. Дер кезінде қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар өндіріс қызметкерлерін және орташа есеппен 83 мың теңгені құрайтын еңбекақыны сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысы "Қазмырыш" кез келген қиындықты еңсере алатынына және бұрынғысынша еліміз түсті металлургиясының көшбасшысы болып қала беретініне сенім білдірді. Н.Назарбаев еңбек ұжымына өндірісті дамытуда жаңа жетістіктер мен табыстар тіледі.

Осыдан кейін президент Үлбі металлургия зауытында болып, жоғары көлемді конденсатты тантал ұнтағы өндірісімен танысты, оны қолдану аймақтары мен саланы дамыту перспективасы жайлы сұрастырып білді.

Сондай-ақ мұнда мемлекет басшысы кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны