07.04.2009, 18:48 2967

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "ТелиаСонера" компаниясының президенті Ларс Нибергті қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "ТелиаСонера" компаниясының президенті Ларс Нибергті қабылдады

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "ТелиаСонера" компаниясының президенті Ларс Нибергті қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ТелиаСонера" мәліметтерді тораптық тарату мен ұялы байланыс саласында телекоммуникациялық қызметтер көрсетеді. Ол Финляндияның "Сонера" және Швецияның "Телиа" компанияларының қосылуы нәтижесінде 2002 жылғы желтоқсанда құрылған. Компания мен оның еншілес құрылымдары Швеция, Финляндия, Норвегия, Дания, Балтық елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия, Түркия, Ресейде 80 миллионнан астам клиенттерге қызмет көрсетеді.

"ТелиаСонера", өз кезегінде, Қазақстандағы ұялы байланыс операторы - "GSM Қазақстан" компаниясының 51 пайыз акциясының иесі болып табылатын "Финтур Холдинг БВ" компаниясының 74 пайыз акциясына иелік етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны