30.05.2012, 12:31 2498

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне қатысу үшін Астанаға келген Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллді қабылдады

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Патриарх Кирилл екі елдің рухани және мәдени ынтымақтастығының ауқымды спектрін талқылады, сондай-ақ форумның күн тәртібін қарастырды. Қазақстан Президенті Партиархтың Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуы форумның беделін және оның бірегей диалог алаңы ретіндегі мәнін арттыратынын атап өтті.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне қатысу үшін Астанаға келген Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Патриарх Кирилл екі елдің рухани және мәдени ынтымақтастығының ауқымды спектрін талқылады, сондай-ақ форумның күн тәртібін қарастырды. Қазақстан Президенті Партиархтың Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуы форумның беделін және оның бірегей диалог алаңы ретіндегі мәнін арттыратынын атап өтті.

"Сіздің православ шіркеуінің беделді көшбасшысы ретінде съезге келуіңіз осы форумның деңгейі мен мәнін арттырады. Біз үшін адам мен қоғамның дәстүрлі моральдық-адамгершілік құндылықтарын нығайту жөніндегі православ жоғары миссиясы өте маңызды болып табылады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қазіргі уақытта қоғамның дәстүрлі тіреуін сақтаудың маңызды екеніне тоқталды. Осы ретте, тек конфессиялар күшімен ғана көптеген жүзжылдықтар бойына адамдардың сенімі мен рухын нығайта аламыз.

Өз кезегінде Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Қазақстан Президентіне әлемдік діндер съезін өткізу туралы бастамасы үшін ризашылығын білдірді.

"Бұл бастама едәуір әкімшілік және дипломатиялық күшті, сондай-ақ ізгі ниетті талап етеді. Оның үстіне форумның тұрақты түрде Қазақстанда өтуі сіздердің елдеріңіз үшін ғана пайдалы емес. Бұл өзге мемлекеттер мен діни ұйымдар үшін пайдалы. Біз орыс православ шіркеуі ретінде съезд алаңын көптеген ықпалды дйни ұйымдармен діни диалогымызды жалғастыру үшін қанағаттанушылық сезіммен пайдаланамыз. Бізде екіжақты қарым-қатынастар жүйесі бар, ал көптарапты өзара қарым-қатынастардың тұрақты жүйесін бір ғана орыс шіркеуі құра алмайды, өйткені ол орасан ресурстарды қажет етеді", - деп атап өтті Патриарх.

Брифинг барысында орыс православ шіркеуінің басшысы бүгінде Қазақстан көп жағдайда посткеңестік кеңістіктегі өзге елдер үшін үлгі болып табылатынын атап көрсетті.

"Мен ислам мен православ шіркеуі тәрізді діни ұйымдар өкілдері арасындағы, мемлекеттік билік органдарымен диалогтың жоғары деңгейін ерекше атап өтпекпін. Мұндай қолдау орыс православ шіркеуіне өз бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Діни аспектіден басқа, Қазақстанның экономикалық өркендеуін, оның ықпалдасу үдерістеріне қатысуын ерекше атап өткім келеді. Нұрсұлтан Ибішұлы посткеңестік кеңістіктегі ықпалдастық үдерістердің әрдайым бастамашысы болды. Осының арқасында қазіргі кезде Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік жұмыс істеуде. Қазақстан ықпалдастық үдерістерді табысты іске асырудың жарқын үлгісі болып табылады. Мен Қазақстанға материалдық және рухани игіліктер, өз халқының игілігі үшін және орасан Еуразиялық кеңістікке мүше елдердің игілігі үшін, онда жүріп жатқан барлық ықпалдастық үдерістеріне белсенді қатысқанын тілеймін", - деді Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл.

Қазіргі уақытта Қазақстанда православтар саны халықтың 25 пайызын құрайды. 310 православ бірлестігі, 9 епархия, 266 діни ғимарат бар, Ресей православ шіркеуіне қарайтын 28 интернет-сайт жұмыс істеп тұр. Мемлекеттің қолдау көрсетуімен жаңа ғибадатханалар салынуда, тұрмыстық жағдайы төмен топтарға көмек көрсету жөнінде бірлескен әлеуметтік жобалар іске асырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны