22.09.2008, 17:56 3020

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары жалғасуда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары жалғасуда

Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін түске дейін Елбасы Қазақстандағы медициналық және өндірістік рентген аппараттарын шығаратын жалғыз өнеркәсіп "Ақтөберентген" акционерлік қоғамында болды.

Мұнда мемлекет басшысына КРФ-112 "Флюкар" жылжымалы рентген флюорографиялық сандық кешені мен КРМ-111 "Маммокар" рентген маммографиялық диагоностикалық кешені көрсетілді.

Содан кейін Елбасы құрастыру цехының көрме павильонына өтіп, онда аппараттардың түсіру мүмкіндіктері мен оларға арналған компьютерлік бағдарламалардың ерекшеліктерімен танысты.

Бүгін сондай-ақ президент Н.Назарбаев "Алатау" сауда, ойын-сауық кешенін аралап көрді. Аталған сауда кешенінің құрамында әлемдік стандарттар деңгейінде жұмыс істейтін кең танымал сауда белгілері желісінің супермаркеттері бар. Сондай-ақ ғимаратта шағын және орта бизнес кәсіпорындарының кеңселері орналасқан.

"Алатау" сауда, ойын-сауық кешені әлемдік стандарттарға сай салынған, өңделуі мен қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны