04.06.2013, 13:52 2827

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Олимпиада чемпионы, "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровтан хат келді

А.Винокуров өз хатында Нұрсұлтан Назарбаевты және барша қазақстандықтарды "Астана" велокомандасының "Джиро д'Италия" Гранд-Турындағы жеңісімен құттықтады.

Астана. 4-маусым. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Олимпиада чемпионы, "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровтан хат келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

А.Винокуров өз хатында Нұрсұлтан Назарбаевты және барша қазақстандықтарды "Астана" велокомандасының "Джиро д'Италия" Гранд-Турындағы жеңісімен құттықтады.

"Бұл зор жетістік Қазақстанның әлемдік спорт қоғамдастығының лайықты мүшесі болып табылатынын тағы дәлелдеді", - делінген хатта.

Автор, сондай-ақ, бүгінде "Астана" әлемдегі ең мықты команданың бірі болып табылатынын және Италиядағы көпкүндіктегі жеңіс осыған айқын дәлел екенін атап өткен.

"Астана" бренді бүгінде әлемге кеңінен танымал. Біз елімізді және жас елордамызды әлемге лайықты түрде танытуда Қазақстан велошабондоздары өз үлесін қосып жүргенін мақтан етеміз", - деп жазады А.Винокуров.

Хат соңында А.Винокуров Мемлекет басшысын ортақ табыспен тағы да құттықтап, жаңа жеңістерге жету жолында шығармашылық күш-қуат тілейді

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны