14.10.2008, 09:20 1484

Мемлекет басшысы облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді

Мемлекет басшысы облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді

Астана, 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес барысында мемлекет басшысы өңір басшыларының экономиканың қазіргі өсу қарқынын қуаттап тұруға және инфляция үдерісін жоспарланған межеде ұстауға жауапты екендігін тағы бір мәрте ескертті.

Үкіметпен қатар әкімдер де тұрақтандыру бағдарламасының аясында халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына қолдау көрсету, жаңа жұмыс орындарын ашу, үлескерлердің заңды құқықтарын қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдауы тиіс.

Өңірлер басшыларының маңызды міндеті шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау, сондай-ақ отандық кәсіпорындарға мемлекет пен ұлттық компаниялардың тапсырыстарын орналастыруға жәрдемдесу болып табылады.

Президент әкімдердің ел экономикасы үшін тіптен келеңсіз кезеңнен де пайда табуға - тәжірибе жинақтап, кез-келген дағдарыс жағдайында әрекет ете алатын күшті басқарушы болуды үйренуге тиіс екендігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны