30.06.2016, 14:45 7333

Мемлекет басшысы Олимпиадалық су спорты орталығында болды

Қазақстан Президенті елорданыӊ көпфункционалды мұз сарайында орналасқан жаӊа орталық ғимаратын аралап, жұмысымен танысты

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті елорданыӊ көпфункционалды мұз сарайында орналасқан жаӊа орталық ғимаратын аралап, жұмысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс-шара аясында су спорты өкілдері келушілер назарына трамплиннен суға секіру, мәнерлеп жүзу және су полосы ойынын ұсынды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

***

Илемдік сапа стандарттарына сәйкес салынып-жабдықталған спорт ғимараты халықаралық ауқымды жарыстар өткізуге арналған және толыққанды оқу-жаттығу үдерісіне жағдай жасалғандығымен ерекшеленеді. Таяуда Олимпиадалық орталықта Қазақстан Республикасыныӊ суға секіру, мәнерлеп жүзу, су полосы және жүзу бойынша ұлттық құрама командалары дайындық өткізеді деп жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны