26.06.2008, 15:23 2995

Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына көшіп келген қазақтардың әлеуметтік бағыттағы тұрғын үй салу жөніндегі бастамасын қолдады

Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына көшіп келген қазақтардың әлеуметтік бағыттағы тұрғын үй салу жөніндегі бастамасын қолдады

Шымкент. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына көшіп келген қазақтардың әлеуметтік бағыттағы тұрғын үй салу жөніндегі бастамасын қолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бүгін президент Н. Назарбаев Шымкентте салынып жатқан "Асар" ықшамауданында болып, шетелден көшіп келген қазақтардың өз беттерімен салып жатқан құрылыстарының барысымен және әдістерімен танысты. "Біз шетелден келген қазақтардың осы құрылыс салу әдісін қолдаймыз және осындай пилотты жобаларды еліміздің басқа да облыстарында қолданысқа енгізетін боламыз", - деді президент.

Ықшамаудан салу жобасының аясында 2800 отбасын арзан баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Болашақ ауыл 300 гектар жерді алады, онда 1,7 мың коттедж салу жоспарланған. Жаңа баспананың бір шаршы метрінің құны $250 құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны