27.04.2007, 16:13 3356

Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапарын бастады

ШЫМКЕНТ. 27 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапарын бастады,

деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін 15.00 мемлекет басшысының ұшағы Шымкент әуежайына келіп қонды. Мұнда оны облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев пен облыс орталығының әкімі Анарбек Орман қарсы алды. Кездесу салтанатынан кейін елбасының кортежі "Нұрсәт" ықшам ауданына қарай бет алды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, салынып жатқан "Нұрсәт" ықшам ауданында Н. Назарбаев мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының орындалу барысымен, жаңа денсаулық сақтау нысандарының, атап айтқанда перзентхана, заманауи қан орталығы, Қазақстанда жоқ медициналық құралдарды стерилизациялау орталығы, сонымен қатар облыстық балалар ауруханасының жобаларымен танысады.

Одан кейін, президент "Ана мен бала" жұқпалы ауруларының алдын-алу және емдеу орталығы" МБ өзгертілген облыстық "Ана мен бала" сауықтыру орталығына барады. Орталықтың қызметкерлері Н. Назарбаевқа облыста ВИЧ індетін жұқтырған балаларды емдеуге және олардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуге қатасты атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтпақ.

Орталықтан шыққаннан кейін президенттің кортежі "Химфарм" АҚ барып, Нұрсұлтан Назарбаев жұмсақ дәрі шығарытан жаңа цехтың ашылу салтанатына қатысады.

Жұмыс сапарының аяғында президент облыстың Спорт сарайында орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысының инновациялық жобалырының көрмесімен танысады, одан кейін Н. Назарбаев Сарыағашқа бет алмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны