28.02.2008, 19:02 4071

Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімін қабылдады

Астана. 28 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Ишімовті қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, әкім президентті Оңтүстік Қазақстан облысында болғантабиғаттың тосын жағдайлары салдарынан 48 елдімекен зардап шеккені жөнінде хабардар етті. 2 мың тұрғын үйді, 7 мектепті су басып, 13 мың адам баспанасыз қалды.

Апат шығындарының толық көлемін таяу күндері облыста болған үкіметтік комиссия анықтайды. Қазіргі кезде барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілуде, ыстық тамақпен қамсыздандырылып, ауыз су жеткізілуде. Баспанасыз қалған тұрғындар уақытша шатырлар мен шағын вагондарға орналастырылды.

"Мемлекет басшысы барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету, үйлерді, мектептерді, медицина мекемелерін, электр желілерін, газ құбырларын қалпына келтіру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен қажетті қаражат бөлу жөнінде тапсырма берді. Осындай қиын жағдай кезінде ешбір адам мемлекет назарынан тыс қалмайды", - деді Н.Ишімов журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны