15.01.2010, 18:24 2815

Мемлекет басшысы орасан көп адам шығыны болған зілзалаға байланысты Гаити президентіне көңіл айтып, жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы орасан көп адам шығыны болған зілзалаға байланысты Гаити президентіне көңіл айтып, жеделхат жолдады

Астана. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Н. Назарбаев орасан көп адам шығыны болған алапат зілзала салдарына байланысты Гаити Республикасының президенті Рене Превальдің атына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда Гаити Республикасында болған қайғылы жағдай Қазақстанда терең күйзеліспен қабыл алынғаны атап өтілген.

"Қазақстан Республикасы халқы атынан және жеке өз атымнан зардап шеккендердің жанұялары мен жақын-туыстарына азалы көңілімді білдіргім келеді. Қазақстан үкіметі сіздің еліңізге барынша гуманитарлық көмек көрсетеді", - делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны