19.06.2009, 10:23 1335

Мемлекет басшысы Өскеменде бірқатар нысандарды аралады

Мемлекет басшысы Өскеменде бірқатар нысандарды аралады

Астана. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Шығыс Қазақстан облысы орталығының маңында салынған жылыжай кешенін аралап көрді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі прензиденттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "мемлекет басшысы кеше Шығыс Қазақстан облысы орталығының маңында салынған жылыжай кешенін аралап көрді Мұндағы 4,7 гектар аумақта көкөністерді жабық жерде өсіру ұйымдастырылып отыр. Елбасы жылыжайда бапталатын дақылдарды өсіру технологиясы, кешен өнімдерін өткізу нарығы жайында, сондай-ақ еңбектің ұйымдастырылу мен кәсіпорын жұмыскерлерін әлеуметтік қамтамасыз ету жағдайлары жөнінде сұрастырып білді".

Содан кейін мемлекет басшысы "Прима Зодиак" мәдени-сауықтыру кешенінде болды. Кешен фито- және пантованналар, тренажер залы, сұлулық салоны, монша, солярий және теңіз суы бассейні орналасқан үш блоктан тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны