06.05.2008, 18:30 3307

Мемлекет басшысы Отан қорғаушылар күні қарсаңында Астанадағы әскери бөлімшеде болды

Мемлекет басшысы Отан қорғаушылар күні қарсаңында Астанадағы әскери бөлімшеде болды

Астана. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мамыр айындағы мерекелер - Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күні қарсаңында Астанадағы №68655 әскери бөлімшесінде болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Президентке Т-72Б танкінің жаңартылған үлгілері мен жаяу әскердің БМПТ, БМП-1kz, БМП-1М, БКМ жауынгерлік машиналарының, БТР-80А бронетранспортерінің жауынгерлік мүмкіндіктері таныстырылды. Сондай-ақ, "Айбат", "Найза" және "Семсер артиллериялық жүйелерінің жаңа үлгілері көрсетілді". Жалпы алғанда, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қарулы күштерді жаңалау бағдарламасында армияны техникамен жабдықтау, әлемдік жетекші әскери техника өндірушілердің көмегімен отандық кәсіпорындарда заманауи қару-жарақ түрлерінің жобасын жасау және оларды шығару көзделген.

Н. Назарбаев сонымен бірге Қазақстанда былтырдан бері қолданысқа енгізіліп жатқан әскерлерді автоматты басқару жүйесінің жұмысымен танысты. Атап көрсетілгеніндей, әскерлерді автоматты басқару жүйесін енгізу ақпаратты өңдеу мүмкіндігін біршама арттыруға, оларды барлау құралдарынан соққы беру құралдарына жеткізу мерзімін қысқартуға, нысандардың орналасқан жерлерін айқындау дәлдігін арттыруға және оқ-дәрі шығынын ұлғайтпай-ақ, нысанаға дөп тигізу тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді.

Қазақстанның әскери техникасының мүмкіндіктерін тамашалауға Изербайжан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері Сафар Абиев пен Исмаил Исаков, сондай-ақ, Қазақстанда аккредитацияланған 20 астам елдің әскери атташелері шақырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны