24.01.2008, 15:23 3015

Мемлекет басшысы отандық бизнес иелерін әлеуметтік жауапкершілікті сақтауға шақырды

Мемлекет басшысы отандық бизнес иелерін әлеуметтік жауапкершілікті сақтауға шақырды

Жезқазған. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық бизнес иелерін әлеуметтік жауапкершілікті сақтауға шақырды . Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы әлеуметтік жауапкершілік форумында сөз сөйлеген кезінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Илеуметтік жауапкершілік көзқарасы тұрғысынан қарағанда, жалпы мемлекет өзінің қызметін тиімді атқарып келеді, енді кезек бизнес өкілдеріне де жетті ", -деді Н. Назарбаев. "Бүгінгі күні корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің қағидаларын анықтап қабылдау қажеттігі туындады, сондықтан біз бүгін осы маңызды тақырыпты алғаш рет талқылап отырмыз", - деп атап өтті ол.

"Барлық жағдай жасалып, бизнес аяғынан тік тұрғаннан кейін енді өзіміздің іскерлеріміздің жай адамдарға бет бұруын күтеміз. Қазақстанда жұмыс істеп жүрген шетелдік компаниялар да осыны түсінулері керек ", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Президент сондай-ақ, атап өткеніндей "мемлекет бизнестің әлеуметтік жауапкершілік саясатынан жаңа жұмыс орындары пайда болатынына, жұмысшыларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріліп, барлық экологиялақ талаптардың орындалатынына сеніммен қарайды ".

"Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бүгінгі заманда мейірімділік ретінде ғана қабылданып қана қоймай, сондай-ақ компанияның капиталын ұлғайтатын және іскерлік қасиетін көтеретін тиімді қызмет ретінде пайдаланылады. Бұл бизнестің өз еркімен қоғамның әлеуметтік, экономикалық, экологиялық салаларының дамуына үлес қосуы", - деп атап өтті Н. Назарбаев. "Бұл жерде біз әрбір компания өзінің қарамағында жұмыс істейтін жұмысшыларға көмек көрсетулері жөнінде мәселе көтеріп отырмыз ", - деп түсіндірді ол.

"Қазақстанда мемлекет пен бизнес тек экономикалық мәселелерді шешетін толыққанды серіктес қана болып қоймай, сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерді де шешуі тиіс ", - деп атап өтті президент. "Бір бірігіп республикада әлеуметтік ынтымақтастық мәдениетін және дамыған өндірістік қоғамның құнды өнегесін нығайтуымыз керек", - деді ол.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, кәсіподақтарға "жаңа заңнамаларға байланысты кәсіпорындарында қоғамдық бақылаушылар ролін атқарыңдар", деп ұсыныс жасады. "Көптеген кәсіпорындарында, әсіресе шетелдік өндіріс орындарында кәсіподақ ұйымдары құрылмағандығы белгілі. Осыған байланысты жұмыс берушілер кәсіподақ пікіріне қарама- қарсы позицияны ұстанып, ұялмастан еңбек туралы заңын және өздерінің жұмысшыларының құқықтарын таптауда ", - деп атап өтті ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны