12.09.2016, 19:01 3633

Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы Президентініӊ міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен кездесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы Президентініӊ міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақордаға сілтеме жасап.

Астана. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы Президентініӊ міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті тағы да Ислам Каримовтіӊ өзбек мемлекетін, елдеріміздіӊ арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға қосқан бірегей үлесін атап өтті.

"Тарихымыз, дініміз, мәдениетіміз бір болғандықтан, оныӊ бүкіл қайраткерлігі біздіӊ халықтарымыз арасындағы достықты нығайта түсуге қызмет етті. Осы құндылықтарды сақтай білу өте маӊызды. Екіжақты кездесулер барысында да, халықаралық ұйымдар жұмысы аясында да біз кез келген мәселеге қатысты өзара тиімді шешім таба білдік. Бауырластық байланысымызды бұдан әрі де нығайта беру керек", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев екіжақты қарым-қатынастыӊ мейлінше өзекті мәселелері, өӊірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар жөнінде пікір алмасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны