19.01.2018, 18:04 6655

Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасыныӊ Президенті Шавкат Мирзиёевке көӊіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысында жолаушылар автобусыныӊ өртенуі салдарынан Өзбекстан азаматтарыныӊ қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көӊіл айтты.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасыныӊ Президенті Шавкат Мирзиёевке көӊіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысында жолаушылар автобусыныӊ өртенуі салдарынан Өзбекстан азаматтарыныӊ қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көӊіл айтты.

"Орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіре отырып, Қазақстан халқыныӊ және жеке өзімніӊ атымнан қаза болғандардыӊ туыстары мен жақындарына қолдауым мен ниеттестігімді жеткізуіӊізді сұраймын. Зардап шеккендердіӊ тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін", - делінген жеделхатта.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша оқиғаныӊ мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны