07.10.2008, 15:26 1240

Мемлекет басшысы Палестина Ұлттық әкімшілігі басшысының арнайы өкілі Ясир Аббасты қабылдады

Мемлекет басшысы Палестина Ұлттық әкімшілігі басшысының арнайы өкілі Ясир Аббасты қабылдады

Астана. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Палестина Ұлттық әкімшілігі басшысының арнайы өкілі Ясир Аббасты қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Таяу Шығыс шиеленісін реттеуге қатысты мәселелер қаралды. Президент бұл проблеманы шешу үшін келіссөздерді жалғастыра беру қажеттігін атап өтті. Кездесу кезінде екі жақты ынтымақтастық пен Қазақстан және Палестина арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері жайында да әңгіме өрбіді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны