07.12.2016, 10:02 4166

Мемлекет басшысы "Парыз" сыйлығы бойынша республикалық байқау жеӊімпаздарын марапаттады

Елбасыныӊ идеясымен кәсіпорындар мен ұйымдарға олардыӊ қоғамды әлеуметтік, экономикалық және экологиялық дамытуға қосқан ерікті үлестері үшін 2008 жылдан бері табысталып келе жатқан сыйлықты иеленуге республикадағы 501 кәсіпорын ниет білдірді.

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" сыйлығы бойынша республикалық байқау жеӊімпаздарын марапаттады.

Байқауды "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесе ұйымдастырып келеді.

Елбасыныӊ идеясымен кәсіпорындар мен ұйымдарға олардыӊ қоғамды әлеуметтік, экономикалық және экологиялық дамытуға қосқан ерікті үлестері үшін 2008 жылдан бері табысталып келе жатқан сыйлықты иеленуге республикадағы 501 кәсіпорын ниет білдірді.

Байқаудыӊ өӊірлік кезеӊі қорытындысында еӊ көбі Алматы қаласынан ұйымдар мен кәсіпорындар тарапынан 68 өтінім түссе, ал Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарыныӊ әрқайсысынан 53 үміткерден тіркелді.

Жалпы байқауда бақ сынаушылардыӊ арасынан еӊ көп өтінім, яғни 263 кәсіпорын "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын" аталымына берілген. Бұл аталымда өз ұжымын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік бейімдеуге және тұтастай қоғамныӊ жағдайын жақсартуға арналған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырушы үміткерлердіӊ қызметі бағаланды.

Еӊбеккерлердіӊ Қазақстан Республикасы заӊнамасында қарастырылған еӊбек және әлеуметтік құқықтарын нығайтуға қатысты жұмыс берушілердіӊ іс-қимылы таразыланған "Үздік ұжымдық шарт" аталымына 89 кәсіпорын өтінім жолдаған.

"Еӊбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын" аталымына 78 ұйым бақ сынаған. Бұл аталым қызмет барысында жұмыскерлердіӊ денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еӊбек жағдайын қамтамасыз еткен үміткерлердіӊ беталысы сарапқа салынды.

Сонымен қатар қоршаған орта ахуалын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау бағдарламаларын жүзеге асыруда айтарлықтай дараланған үміткерлердіӊ іс-қимылы сарапталатын "Экологияға қосқан үлесі үшін" аталымына 71 өтінім жолданған.

Биыл Байқаудыӊ бас жүлдесін корпоративтік, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік ұстанымдарын жүзеге асыруда және күнделікті жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізген кәсіпорын ретінде Батыс Қазақстан облысынан "Ақсайгазсервис" Акционерлік қоғамы еншіледі. Мұндай жоғары марапат түрін жеӊімпазға Мемлекет басшысыныӊ өзі табыстады.

"Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын" аталымында ірі кәсіпкерліктен - Астана қаласыныӊ "BI Holding" ЖШС, ал шағын және орта кәсіпкерліктен Шығыс Қазақстан облысыныӊ "Новая Заря" шаруа қожалығы жеӊімпаз атанды.

"Үздік ұжымдық шарт" аталымында ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Ақтөбе облысында орналасқан "Сағыз Петролеум Компани" ЖШС және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында Алматы қаласынан "Цин-Каз" ЖШС лайық деп танылды.

"Еӊбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын" аталымында ірі кәсіпкерліктен Атырау облысыныӊ "Өмірзақ-Сервис" ЖШС мен шағын және орта кәсіпкерліктен Жамбыл облысыныӊ "Тараз проммонтаж" ЖШС мерейлері үстем болды.

Ал "Экологияға қосқан үлесі үшін" аталымына ірі кәсіпкерліктен Оӊтүстік Қазақстан облысындағы "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" және шағын және орта кәсіпкерліктен Батыс Қазақстан облысынан "Тасқала аққу" ЖШС иеленді.

Бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" байқауына 8 жылда, оған шағын, орта және ірі бизнес санатынан 3 мыӊнан астам кәсіпорын қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны