06.07.2006, 13:22 2926

Мемлекет басшысы парламент сенатының жаңа ғимаратында болды

АСТАНА. 6-шілде. Kazakhstan Today. Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Есілдің сол жақ жағалауында салынып жатқан парламент сенатының жаңа ғимаратында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Ғимарат президент сарайының қарсы алдында, парламент мәжілісі мен үкіметтің әкімшілік ғимараттарына таяу жерде орналасқан. Ғимарат 15 қабаттан тұрады. Онда үлкен жиналыс залы, қабылдауларға арналған зал мен Қазақстан президентіне арналған бөлме бар. Ғимарат Сауд Арабиясының грантына салынған.

Ғимараттың ашылу рәсімі 1-қыркүйекте өтеді деп күтілуде. Депутаттар келесі сессияда осы жерде жұмыс істейтін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны