12.04.2010, 09:36 1420

Мемлекет басшысы Польша Республикасы Сеймінің төрағасы Бронислав Комаровскийге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Польша Республикасы Сеймінің төрағасы Бронислав Комаровскийге көңіл айту жеделхатын жолдады

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасы Сеймінің төрағасы Бронислав Комаровскийге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда Қазақстан президенті Польша президенті Лех Качиньскийдің, оның жұбайының, сонымен қатар, бірге болған адамдардың ұшақ апатынан қаза болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен естідім деп атап өтілген.

"Осындай ауыр сәтте, барша Қазақстан халқының атынан және жеке өз тарапымнан достас поляк халқына азалы қөңіл айтып, қайғыларыңызга ортақ екендігімізді білдіремін", - делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны