18.02.2015, 16:49 3797

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеӊесініӊ Хатшысы Николай Патрушевті қабылдады

Кездесу барысында қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтыӊ ахуалы мен келешегі, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, соныӊ ішінде Украинаныӊ оӊтүстік-шығысындағы жағдай да талқыланды

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Кездесу барысында қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтыӊ ахуалы мен келешегі, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, соныӊ ішінде Украинаныӊ оӊтүстік-шығысындағы жағдай да талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы экономикалық ынтымақтастықтыӊ жекелеген мәселелерін қозғады, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы ахуалға байланысты жаӊа сын-қатерлерді талқылады. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Н.Патрушев елімізге Қазақстан мен Ресейдіӊ Қауіпсіздік Кеӊестері аппараттарыныӊ арасындағы жоспарлы консультацияларға қатысу үшін келді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны